Қазақстанда бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны бойынша антирекорд тіркелді.
Кейінгі тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 13 874 жағдай тіркелді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бұл пандемия басталғаннан бері тіркелген рекорд көрсеткіш. Бұған дейін максимум 15 қаңтарда тіркелді, онда бір күнде 13 523 жаңа жағдай анықталған.
Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 085 004-ке жетті.
Оның ішінде:
- Нұр-Сұлтан қаласында - 4 874,
- Алматы қаласында - 1 580,
- Шымкент қаласында – 450,
- Ақмола облысында – 420,
- Ақтөбе облысында - 366,
- Алматы облысында - 329,
- Атырау облысында - 584,
- Шығыс Қазақстан облысында - 394,
- Жамбыл облысында - 233,
- Батыс Қазақстан облысында - 440,
- Қарағанды облысында - 2 669,
- Қостанай облысында -291,
- Қызылорда облысында -236,
- Маңғыстау облысында - 233,
- Павлодар облысында - 515,
- Солтүстік Қазақстан облысында - 143,
- Түркістан облысында - 117.


