Нұр-Сұлтан қаласында 2, Алматыда 4 адам
иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 6-ға жетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚР ДСМ-нің фейсбуктегі ресми парақшасына сілтеме жасап.
ҚР ДСМ шұғыл ақпарат таратты. Онда Алматы қаласында 1958 жылы туған кәсіпкердің вирустық инфекцияны жұқтырғаны анықталған.
Сонымен қатар, Нұр-Сұлтан қаласында Вршавадан ұшып келген әйел азаматшадан да коронавирус белгілері анықталған. Бұлардың екеуі де карантинге жабылғаны хабарланды.