Қазақстанда коронавируспен күреске 191 млрд теңге бөлінді

0
667

Аталған қаражат мақсатты бағыттарға жұмсалады және қатаң бақылауда болады.


Қазақстанда коронавируспен күреске 191 млрд теңге бөлінді

ERNUR.KZ. Қазақстанда коронавируспен күреске 191 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Бұл туралы ҚР Қаржы министрінің бірінші орынбасары Берік Шолпанқұлов айтты, деп жазады ҚазАқпарат.


«Бүгінгі күнге коронавируспен күреске республикалық бюджеттен 191,9 млрд теңге бөлініп отыр. Оның 125 млрд теңгесі бюджетті нақтылау аясында, 66,9 млрд теңгесі Үкімет резервінен бөлінген», - деді Берік Шолпанқұлов.


Оның атап өтуінше, аталған қаражат мақсатты бағыттарға жұмсалады және қатаң бақылауда болады.

Бұдан басқа, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан Медициналық қызметтер сапасын бақылау комитеті арқылы да көрсетілетін медициналық қызметтерге бақылау жүргізіліп, қадағаланады.