Қазақстанда сұйытылған газды экспорттауға салынған тыйым ұзартылды

0
103

Бұл шара ішкі сұранысты қамтамасыз етуге және бағаның тұрақтылығын сақтауға бағытталған.


Қазақстанда сұйытылған газды экспорттауға салынған тыйым ұзартылды

Фото: Tengrinews.kz / Турар Казангапов

ERNUR.KZ. Қазақстанда сұйытылған газды экспорттауға салынған тыйым ұзартылды, деп жазады tengrinews.kz.

Қазақстанда алты ай мерзімге сұйытылған мұнай газын автомобиль және теміржол көлігімен әкетуге салынған тыйым ұзартылды. Мұндай шешім премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Сыртқы сауда мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында қабылданды.

Үкімет мәліметінше, бұл шара ішкі сұранысты қамтамасыз етуге және бағаның тұрақтылығын сақтауға бағытталған. Билік өкілдері шешімнің автокөліктердің сұйытылған газды отын ретінде пайдалану санының артуы және оның жоғары әлеуметтік маңыздылығымен байланысты екенін атап өтті.