Қазақстандағы ең үздік туристік ауылдар анықталды

0
548

Kazakh Tourism-нің мәліметінше, таңдалған бұл ауылдар елімізді БҰҰ Дүниежүзілік туристік ұйымының жыл сайынғы халықаралық конкурсында — UN Tourism Best Tourism Village байқауында таныстырады.


Қазақстандағы ең үздік туристік ауылдар анықталды

ERNUR.KZ. Қазақстандағы 2025 жылы үздік туристік ауылдар анықталды. Бұл ауылдар енді халықаралық конкурста таныстырылады, деп жазады Stan.kz.


Kazakh Tourism-нің мәліметінше, таңдалған бұл ауылдар елімізді БҰҰ Дүниежүзілік туристік ұйымының жыл сайынғы халықаралық конкурсында — UN Tourism Best Tourism Village байқауында таныстырады.

Үздік ауылдарды анықтау кезінде мәдениет пен табиғатқа, сондай-ақ ауылдардағы дәстүрлі іс-шаралардың қаншалықты жақсы сақталғанына назар аударылған. Одан бөлек, жаңа маршруттар мен туризмге қызығушылық танытатын саяхатшылардың көптігі де есептелді.

Сонымен Қазақстандағы туристер үшін ең үздік ауылдар:

  • Лепсі (Жетісу облысы, Алакөл ауданы);
  • Нағи Ілиясов (Қызылорда облысы, Сарыдария ауданы);
  • Хан Ордасы (Батыс Қазақстан облысы, Бөкей ордасы ауданы);
  • Көлденең (Шығыс Қазақстан облысы, Риддер ауданы);
  • Шабанбай би (Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы).



  • 2023 жылы Best Tourism Village by UNWTO сыйлығымен халықаралық деңгейдегі ең үздік туристік ауыл ретінде Алматы облысындағы Саты ауылы марапатталған еді.