Қазақстандағы су тасқыны: 8 мыңға жуық адам үйлерін тастап кетті

0
2 010

Су тасқыны басталғаннан бері 7 783 адам құтқарылды және эвакуацияланды.


Қазақстандағы су тасқыны: 8 мыңға жуық адам үйлерін тастап кетті

ERNUR.KZ. ТЖМ-де 30 наурыз күні таңертеңгі жағдай бойынша Қазақстандағы су тасқыны туралы есеп берілді, деп жазады Ulysmedia.kz.





Республикалық штабтың бақылауында 7 облыс бар – Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстары.

Су тасқыны басталғаннан бері 7 783 адам құтқарылды және эвакуацияланды. Оның ішінде 2 800 бала бар. Уақытша орналастыру пункттерінде 3 131 адам, оның ішінде 1093 бала орналастырылды.



"ТЖМ, Қорғанысмині, ҰҚК және Ұлттық ұланның әуе кемелерімен 644 адам құтқарылды, оның ішінде – 236 бала.
ТЖМ және жергілікті атқарушы органдардың күшімен 3,5 млн. м3 астам еріген су сорылды, 300 мыңнан астам қапшық және 45 тонна инертті материал төселді", – делінген хабарламада.

Авариялық-құтқару жұмыстарына 6000-нан астам адам, 3000 техника және ТЖМ, Қорғанысмині, ҰҚК және Ұлттық ұланның 12 әуе кемесі жұмылдырылған.

Естеріңізге салсақ, Үкімет басшысы төтенше жағдайлар министрлігіне өңірлердің әкімдіктерімен бірлесіп, су тасқынына қарсы жұмыстарды жалғастыру және елдегі ахуал туралы тәулік сайын есеп беруді тапсырған болатын.