Қазақстандықтар бала дүниеге келмей тұрып ДНҚ сараптамасынан өте алады

0
97

​Елде жаңа технология енгізіледі.


Қазақстандықтар бала дүниеге келмей тұрып ДНҚ сараптамасынан өте алады

ERNUR.KZ. Әділет министрлігі жүктілік кезінде баланың әкесі екенін анықтауға мүмкіндік беретін жабдық сатып алуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Сот сараптамалары орталығының директоры Бақытжан Байтілесов мәлімдеді, деп жазады baq.kz.

Оның айтуынша, жаңа техника бұрын күрделі болған ДНҚ сараптамаларын жүргізуге мүмкіндік береді.

Сараптама саласындағы жаңа бағыттардың бірі – жүктіліктің жетінші айында ұрықтың әкесі екенін анықтау мүмкіндігі. Ол үшін арнайы жабдық сатып алу қажет, – деді ол.

Сонымен қатар жаңа құрылғылар жеке тұлғаны сәйкестендіруге де көмектеседі. Атап айтқанда, жол апаты немесе зорлық-зомбылық салдарынан қаза тапқан адамдардың сырт келбетін, көзінің және шашының түсін анықтауға мүмкіндік береді.

Байтілесов техникалық жабдықпен қатар кадр тапшылығы мәселесіне де тоқталды. Қазіргі таңда Қазақстанда сапалы филологиялық сараптама жүргізе алатын мамандар жетіспейді.