ERNUR.KZ. Еліміздің 7 облысында су тасқыны болуы мүмкін. Бұл туралы ОКҚ-де өткен брифингте Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілдері айтты деп жазады Stan.kz.
“22-24 наурызда еліміздің солтүстік аумақтарында қар және жауын-шашанының түсуімен солтүстік циклоны өтеді. 21 наурыздан бастап Павлодар және Ұлытау, 22 наурыздан Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Абай, Шығыс Қазақстан облыстарында біртіндеп күндізгі температура 3-13 градусқа дейін жоғарылауы күтіліп отыр", - деді ТЖМ Төтенше жағдайларды жою департаментінің бастығы Қаһарман Оразалин.
Сонымен қатар қалған қар қорларын және мерзім болжамын ескере отырып, Қарағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында және Абай облыстарында су тасқынының жоғары қаупі сақталады.