«Қазақстанның демократиялық таңдауы» экстремистік ұйымының мүшелері қудалауға ұшырауы мүмкін

0
1 443

Қазақстанда экстремистік ұйым деп танылған ҚДТ ұйымына қатысты әлеуметтік алауыздықты қоздыру, билікті басып алуды насихаттау және оған жария түрде шақыру фактілері бойынша ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарымен сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүргізілуде,-деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚР Бас Прокуратурасының ресми өкіліне сілтеме жасап.

«Құрметті азаматтар, Бас прокуратура сот шешімінен кейін «Қазақстанның демократиялық таңдауы» экстремистік ұйымының әрекетіне кез келген қатысқаны және қаржыландырғаны үшін Қылмыстық кодекстің 182, 258 және 405 баптарына сәйкес қылмыстық жауапкершілік көзделгенін түсіндіреді»-деді ведомствоның ресми өкілі Оксана Лоскутова.

«Қатысу» әрекетіне қозғалыстың идеясын үгіттеу және насихаттау, оның жарияланымдарын, парақшаларын, посттарын, пікірлерін және басқа да ақпараттық материалдарын дайындау, шығару, көбейту және тарату жатады.

Сонымен қатар, «қатысу» болып қозғалысты және оның басшысы Әбілязовті қолдауда митингілерді, шерулерді, жария акцияларын және басқа жаппай іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу саналады.

«Қаржыландыру» ұғымына Әбілязов пен қозғалысқа ақшаны, өзге де мүлікті беру немесе жинау, сыйға тарту, айырбастау, қайырмалдық жасау, спонсорлық және қайырымдылық көмек, ақпараттық және өзге де қызмет түрлерін көрсету жатады.

Сонымен қатар, істегі заңнамаға сәйкес, экстремистік топтың әрекетіне қатысуды өз еркімен тоқтатқан адам, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.

13 наурыз күні ҚР Прокуратурасы «Қазақстанның демократиялық таңдауы» қозғалысын Астана қаласы Есіл аудандық соты экстремистік ұйым деп шешім шығарғаны туралы хабарлады.