Қазақстанның үш облысында 1 шілдеге дейін аналогтық телехабар таратылу тоқтатылады

0
1 382

Алматы, Қостанай және Павлодар облыстарында аналогты эфирлік телехабар тарату ажыратылады.


Қазақстанның үш облысында 1 шілдеге дейін аналогтық телехабар таратылу тоқтатылады

ERNUR.KZ. 2019 жылдың 1 шілдесіне дейін Алматы, Қостанай және Павлодар облыстарында аналогтық телехабар тарату тоқтатылады, деп жазады Elitar.kz.

Цифрлық эфирлік телевизиялық хабар тарату бейне мен дыбыстың сапасын айтарлықтай арттыруға, халыққа қолжетімді телеарналардың санын кеңейтуге, жиілік ресурсын үнемдеуге мүмкіндік береді, сондай-ақ жаңа заманауи қызметтерді дамытуға жол ашады. Миллиондаған қазақстандықтар үшін сандық эфирлік теледидар ақпараттық теңсіздіктің деңгейін төмендетуді білдіреді. Бұдан басқа, атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылар теледидар құрылғыларымен қамтамасыз етіледі.

Сандық эфирлік телехабарларды көру үшін жабдықты қосу туралы ақпарат tsetv.kz сайтында бар. Рәсім көп уақытты алмайды және арнайы дағдылар мен білімді қажет етпейді.

"Цифрлық эфирлік телехабар таратуға көшу бірінші кезекте маңызды әлеуметтік міндетті шешеді – Астана, Алматы, Шымкент қалаларының барлық тұрғындары үшін және облыс орталықтарында 30 отандық телеарнаға дейін, облыс орталығынан төмен – 15 отандық телеарнаға дейін жоғары сандық сапада қолжетімді және тегін етеді. Мұны аналогтық теледидар базасында оны ұстау мен жаңғыртуға жұмсалатын шығындардың жоғары болуына, сондай – ақ еркін радиожиілік ресурсының шектеулігіне байланысты жасауға болмайды",-деп түсіндірді баспасөз қызметі.

2018 жылдың қорытындысы бойынша сандық эфирлік телехабар таратуға толық көшу Маңғыстау, Жамбыл, Түркістан облыстарында және Шымкент қаласында жүзеге асырылды.

Естеріңізге сала кетейік, еліміздің барлық аумағында аналогты эфирлік телехабар таратуды ажыратумен сандық эфирлік телехабар таратуға кезең – кезеңмен көшу жөніндегі жобаны ҚР Ұлттық операторы - "Қазтелерадио"АҚ жүзеге асырады.