Қазпоштаның облыстағы басшысы 250 мың теңге парамен ұсталды

0
945

Күдікті өз кінәсін толықтай мойындаған.


Қазпоштаның облыстағы басшысы 250 мың теңге парамен ұсталды

ERNUR.KZ. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысындағы департаменті осы өңірдегі "Қазпошта" АҚ филиалы басшысының пара алғанын анықтады деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол біреуді жұмысқа тұрғызу үшін бөлім бастығы арқылы 250 мың теңге пара алды деп күдікке ілінді.

- Кінәсін толықтай мойындауына байланысты күдікті қамауға алынған жоқ. Тергеу жалғасып жатыр, - делінген хабарламада.