«ҚазТрансГаз» екі еншілес компаниясын сатпақ

0
759

Әлеуетті баға әлі жарияланған жоқ, мәмілені реттеуші мақұлдауға тиіс.


«ҚазТрансГаз» екі еншілес компаниясын сатпақ

ERNUR.KZ. Ұлттық газ операторы «ҚазТрансГаз» АҚ $750 млн АҚШ доллары сомасына 4,375% пайыздық мөлшерлемесімен, 2027 жылы өтеу мерзімімен кепілдік берілген облигацияларға қатысты келісім алуға ұсыныс түсіргендігін хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Бұл орайда, «ҚазТрансГаз» АҚ компаниясы кепілдендірілген облигацияларын ұстаушылардан өзінің еншілес кәсіпорындары «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ мен «ҚазТрансГаз Өнімдері» ЖШС-ның 100%-ға дейінгі акцияларын немесе активтерін «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның бас компаниясы немесе оның еншілес компаниясы болып табылмайтын үшінші тұлғаға сатуды мақұлдауын және өз келісімдерін беруді сұрап отыр.

«Әлеуетті баға әлі жарияланған жоқ, мәмілені реттеуші мақұлдауға тиіс. Облигацияларды ұстаушылардың жиналысы 2019 жылғы 1 тамызда Лондондағы «Бейкер және Макензи Эл-эл-Пи» офисінде өтеді, содан кейін «ҚазТрансГаз» АҚ нәтижелерді жария етеді», – деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.