​Кімдер алимент төлеуден босатылады?

0
18 071

Айтпақшы, алиментті тек ер адам төлейді деп ойламаңыз.


​Кімдер алимент төлеуден босатылады?

фото 24.kz

ERNUR.KZ.Алимент – қарыз емес, парыз. Алайда алименттен қашып, төлемеудің түрлі жолын іздеушілер аз емес. Кімдердің алиментті төлемеуіне болады? Алимент төлемегендерге қандай жаза қолданылады? деген сауал төңірегінде Today.kz сайты жауап іздеп көрді.

Қазір алимент төлемеген азаматты заң бойынша жауапқа тартады. Төлемнен қашқан азаматтар шет елге шыға алмайды. Сондай-ақ, барлық мүлкі тәркіленеді. Алайда бас бостандығынан айырылмайды.

Тек азамат ұзақ уақыт алимент төлемей, берешегі ұлғайған кезде ғана қылмыстық іс қозғалады.

Кімдердің алимент төлемеуіне болады? Халық арасында "азамат жұмыссыз болса алимент төлемейді екен" деген "наным-сенім" бар. Алайда бұл – жалған.

Тек мүгедек, ақыл-есі дұрыс емес, еңбекке қабілетсіз азаматтар ғана алимент төлемейді. Бірақ жоғарыда аталған азаматтар үкіметтен жәрдемақы алатын болса, алиментті сол жәрдемақыдан төлейді.

Айтпақшы, алиментті тек ер адам төлейді деп ойламаңыз.

"Алиментті әйел де төлейді. Жалпы, баланы кім тастап кетеді, сол баланы асыраушыға алимент төлеуге міндетті", – дейді отставкадағы судья Халбибі Шәріпбаева.