Алматыда 14-23 наурыз аралығында өтетін Наурызнама онкүндігі аясында 100-ден астам түрлі іс-шара жоспарланған.
Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Қала әкімшілігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, осы күні қала халқы мен қонақтары театрландырылған концертті тамашалау әрі келіп жеткен Наурыз мерекесімен бір-бірін құттықтау үшін Көктөбе басына жиналады.
"14 наурыз күні мерекеге орай Көктөбе аспалы жолымен сағат 09:00-ден 13:00-ге дейін тегін көтерілуге болады".Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Дәстүрге сай Көрісу күні қала тұрғындары мен қонақтары қыстан аман шығып, көктемнің келуімен бірін-бірі құттықтап, жылы жүздесіп, қол алысып, құшақтасып, төс қағысады, үлкендер жастарға бата беріп, жақсылық пен молшылық тілейді.
Сондай-ақ осы күні сағат 11:00-де Көктөбеде ашық аспан астында Көктөбедегі Амал күні атты мерекелік концерт өтеді. Сахнада Роза Рымбаева, Жанар Айжанова, "Жігіттер" тобы, Айгүл Қосанова және "Алатау" дәстүрлі өнер театрының артистері өнер көрсетеді.
Алматыда 14-23 наурыз аралығында өтетін Наурызнама онкүндігі аясында 100-ден астам түрлі іс-шара жоспарланған.
Бұған дейін 2025 жылы 15 наурызда сағат 09:00-ден 15:00-ге дейін Алматының Алмалы ауданында Құрманғазы көшесінде, Достық даңғылынан Пушкин көшесіне дейінгі аралықта автокөлік қозғалысы қиындайтынын ескерткен болатынбыз.