Туристер әйел мен ұлын өздері іздей бастады. Оларға джип-тур ұйымдастырушыларының екі көлігі көмекке келді.
ERNUR.KZ. Маңғыстауда Үстіртте әйел мен кәмелетке толмаған ұлы жоғалып кетті, деп жазады Sputnik Қазақстан.
Олар туристер тобынан бөлек кетіп қалған. Әйел қорықта бірде-бір рет болмағанына қарамастан, ұйымдастырушылар бағдарымен емес, өз жолымен жүруді шешкен.
Топ мүшелері үңгірде кездесуге уағдаласты. Алайда әйел үңгірдің жанында да, кездесетін екінші орын - "Бөгет" шекара бекетінің маңында да келмеді. Сол кезде туристер әйел мен ұлын өздері іздей бастады. Оларға джип-тур ұйымдастырушыларының екі көлігі көмекке келді.
Тоғыз сағат бойы іздеп, топ Жаңаөзенге жетті. Сол жерде адамдардың жоғалғанын полицияға хабарлады. Кейін операцияға полиция, шекарашылар мен қорықшы қосылды.
Екінші күні кешке тур ұйымдастырушылары мен қорықшы жоғалған туристерді тапты. Олардың көлігі өртеніп кеткен.
"Су таусылып қалуы мүмкін еді. Қорықтағы жануарлар да қауіп төндірді. Сондықтан жедел табу керек болды", - деді іздеуге қатысқандардың бірі.
Құтқарылған адамдардың отбасы құтқаруға атсалысқандарға алғыс білдірді.