Қоныс аударушыларға жәрдемақы тағайындау тетігі қайта қаралады

0
698

Көші-қон саясатының жаңа тұжырымдамасы 5 жылға арналады.


Қоныс аударушыларға жәрдемақы тағайындау тетігі қайта қаралады

ERNUR.KZ. Үкімет отырысында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов көші-қон саясатының жаңа тұжырымдамасы әзірленетінін мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz.

Оның сөзінше, көші-қон саясатының жаңа тұжырымдамасы 5 жылға арналады.

«Тұжырымдамада оңтүстіктен солтүстікке қоныс аудару кезіндегі өңіраралық ішкі ұтқырлықты арттыруға жағдай жасау, шетелде жұмыс істейтін ел азаматтарының еңбек және әлеуметтік құқығын қорғау тетігін құру, қандастардың Қазақстанға қоныс аударуына көмектесу, шетелдік мамандарды тарту бойынша реттелетін және икемді жүйені қамтамасыз ету мәселелері қамтылады», – деді Серік Шәпкенов.

Министрдің айтуынша, жаңа тұжырымдамада оңтүстіктен солтүстікке қоныс аударған азаматтарға жәрдемақы бөлудің қолданыстағы тетігі қайта қаралады.

«Оңтүстік өңірлерден жұмыскерлерді өз бетінше жалдайтын және жұмысқа орналастыратын жұмыс берушілер үшін мемлекеттік қолдау тетігі оңайлатылып, кеңейтіледі. Бұл оларды қоныс аудару бағдарламаларына белсенді қатысуға ынталандырады», – деді Серік Шәпкенов.