Төрт және одан көп баласы бар аналарға 14585 теңге көлемінде біржолғы қаржылай көмек көрсетіледі.
ERNUR.KZ. Өскеменде Халықаралық әйелдер күніне орай көпбалалы аналарға бір реттік қаржылай көмек көрсетіледі, деп жазады Altaynews.kz.
Мерекеге орай төрт және одан да көп балаларды тәрбиелеп отырған әйелдерге бір реттік төлем жасалады.
"Сондай-ақ жәрдемақыны "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқа иегерлері немесе бұрын "Батыр Ана" атағын алғандар, бірінші және екінші деңгейлі "Ана Даңқы" ордендерімен марапатталғандар да алады. Төлем мөлшері 5 АЕК-ні (14 585 теңге) құрайды", - делінген Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар орталығы хабарламасында.
Қаржылай көмек 8 наурыздан кейін беріледі. Жәрдемақыны алу үшін "Қазпочта" АҚ бөлімшелеріне жүгіну жеткілікті. Өзіңізбен жеке куәлігіңіз болуы шарт.