​Көршілерінен көмек сұраған әйел үйінде тірідей өртеніп кетті

0
1 077

Өрт үйде жалғыз қалған 60 жастағы әйелдің үйінен бейсенбі күні таңғы сағат бесте шыққан.


​Көршілерінен көмек сұраған әйел үйінде тірідей өртеніп кетті

ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданының Парыгино ауылында жеке үйдегі өрт кезінде мүгедек әйел қаза болды, деп жазады sputniknews.kz.

Өрт үйде жалғыз қалған 60 жастағы әйелдің үйінен бейсенбі күні таңғы сағат бесте шыққан. Құтқарушылар атап өткендей, әйелдің жүріп-тұруы қиын болғандықтан үйден өзі шыға алмаған. Ол көршілеріне қоңырау шалып, оларды көмекке шақырған. Дегенмен, жалын үйге жылдам жайылып кетіп, адамдар өртеніп жатқан ғимаратқа кіре алмаған.

Өрт сөндірушілер бөлімі 35 шақырым қашықтықта орналасқан, сондықтан олар келем дегенше үй толық өртеніп кеткен. Әйел қаза болды. Жалын 80 шаршы метр аумаққа шарпыды.

Алдын ала болжамға сәйкес, өрт отты немесе электр жабдықтарын дұрыс пайдаланбау салдарынан пайда болуы мүмкін.