Үкіметте су тасқыны кезеңіне дайындық мәселелері қаралды

0
2 674

primeminister.kz. ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында 2018 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық туралы ішкі істер министрі Қ. Қасымов, энергетика министрі Қ. Бозымбаев, инвестициялар және даму министрі Ж. Қасымбек, ауыл шаруашылығы вице-министрі Е. Нысанбаев, сондай-ақ облыстардың әкімдері баяндама жасады.


 Үкіметте су тасқыны кезеңіне дайындық мәселелері қаралды

фото: patrul.kz

primeminister.kz. ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында 2018 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық туралы ішкі істер министрі Қ. Қасымов, энергетика министрі Қ. Бозымбаев, инвестициялар және даму министрі Ж. Қасымбек, ауыл шаруашылығы вице-министрі Е. Нысанбаев, сондай-ақ облыстардың әкімдері баяндама жасады.

Ішкі істер министрі Қалмұхамбет Қасымовтың айтуынша, су тасқынында өзендердің су деңгейінің негізгі болжамын Қазгидромет әзірлейді, 2018 жылғы 1 наурыздан бастап апта сайын әрбір үш күн сайын нақтылап отырады. Елді мекендерді инженерлік қорғау «Су тасқыны қатерлерінің алдын алу және жою жөніндегі 2017-2020 жылдарға арналған шаралар кешені» жол картасына сәйкес жүргізіледі.

Жыл басына дейін 204 шара іске асырылды.

«108 қорғаныш бөгені салынды және нығайтылды, 71 гидротехникалық құрылыс, 8 көпір, 12 автокөлік жолы жөнделді. Жалпы алғанда, инженерлік қорғауды жасауға 12,56 млрд теңге жұмсалды, оның ішінде республикалық бюджеттен – 6,16 млрд теңге», — деп мәлімдеді Қалмұхамбет Қасымов.

2018 жылғы су тасқыны кезеңіндегі төтенше жағдайлардың алдын алу үшін 8,4 мың тонна жанар-жағармай, 123 мың тонна инертті материалдар, 759 мың қап пен 6,5 тонна жарылғыш көлемінде қор дайындалды. Жергілікті атқарушы органдар елді мекендерден 3,8 млн м3 қар шығарды. Қар шығару жұмыстары жалғасуда.

Әкімдіктер төтенше резервтер мен шұғыл шығындарға арналған резервтерге 24,7 млрд теңге салды.

Қазақстан аумағында 1 665 гидротехникалық құрылыс бар. Республика аумағында гидротехникалық құрылыстардың жалпы санынан тек 72-і жергілікті құлақтандыру жүйелерімен жарақтандырылған.

2018 жылғы көктемгі кезеңдегі су тасқынының ықтимал күрделенуіне жедел ден қою мақсатында ІІМ жалпы саны 14 мыңнан аса адам және 2 мыңнан астам бірлік техника күштері мен құралдары топтамасын қалыптастырды. Ұлттық ұлан зардап шеккен халықтың әрбір 1000 адамына үш лагерьді өрістетуге дайындықты жүзеге асыруда. «Қазавиақұтқару» тікұшақтары ұдайы әзірлікте.

Электр сиреналарын іске қосуды, теле және радиохабар таратуды жол-жөнекей ұстауды, SMS-хабарламаларын таратуды, сондай-ақ дауыс күшейткіш құрылғысымен жарақталған ІІМ жедел автокөлігін тартуды қамтитын халықты құлақтандыру жүйесінің әзірлігі қамтамасыз етілді.

Өңірлердегі ықтимал су жайылу аудандарынан халықты эвакуациялау жағдайына эвакуацияланған халықты қабылдау пунктері анықталды, эвакуациялау бағдарлары жаңартылды, қажет көлік айқындалды.

Азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің көктемгі кезеңнің ықтимал төтенше жағдайларына әзірлігін тексеру үшін наурыздың бірінші онкүндігінде Өскемен қаласында басқару штабымен «Көктем-2018» республикалық командалық- штабтық оқу-жаттығу жұмыстары өткізілетін болады.

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ерлан Нысанбаев тасқын суларды сақтау, жинақтау және тарату жұмыстары туралы баяндады.

Әрбір су қоймасына су қоймалардың толтырылуы мен күтілетін суға байланысты режим кестелері әзірленген және облыс әкімдіктерімен келісілген. 2018 жылғы су тасқыны кезеңіне Су ресурстары комитетінде Тасқын суға қарсы комиссия құрылды. Сондай-ақ, осындай комиссиялар «Қазсушар» РМК-да және оның филиалдарында құрылған.

Су қоймалардың жұмыс режимінің күн сайынғы мониторингі белгіленіп, барлық республикалық объектілерде тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды. Қауіпті учаскелерінде бұзылудың алдын алу үшін, құрылыс және басқа да инертті материалдардың қажетті қоры дайындалды, сондай-ақ тиісті техника мен механизмдер әзірленді.

Тасқын суларды жинақтау жоспары жөнінде, бірінші кезекте 109 жобаны іске асыру жоспарланған, оның ішінде жинақтау көлемі 10 млн текше метрден жоғары 30 жобаны — республикалық бюджет есебінен және жинақтау көлемі 10 млн текше метрден төмен 79 жобаны – жергілікті бюджет есебінен іске асыру көзделген.

«Мемлекет басшысының Ақмола облысында Бозұлық және Кеңбидайық су қоймаларын салу жөніндегі тапсырмасына сәйкес, АШМ инвестициялық ұсыныстарды әзірледі және оларға 2017 жылдың 2 қазанында ҰЭМ-нен оң қорытындылар алынды. Су қоймалары құрылысының құны шамамен 13,6 млрд теңгені құрайды. АШМ жоғарыда аталған екі жоба бойынша ТЭН әзірлеуге 2018 жылға қаражат бөлу рәсімдерін жүргізіп жатыр», — деп түйіндеді АШМ вице-министрі.