Күн сайын елімізде кәмелетке толмағандар арасында шамамен 5 қылмыс анықталып отырады.
Фото: Instagram/zakiyevadinara
- Күн сайын елімізде кәмелетке толмағандар арасында шамамен 5 қылмыс анықталып отырады. Балалар арасында қылмыстардың жасалуы себебіне тоқталсақ, олар негізінен буллингке, ұрлық, сондай-ақ экономикалық сипаттағы әрекеттерге қатысты. Бұл ретте, осыған ықпал еткен факторларға назар аударсақ, осы балалар ата-анасының назарынан немесе қамқорлығынан тыс қалған. Мұнымен қоса, өздері зорлық-зомбылық көрген және осындай оқиғалардың куәгері болған жеткіншектер де кейіннен заңсыз әрекеттерге барып жатады. Сондықтан қабылданған заңға сәйкес, алдын алу іс-шаралары қарастырылған. Осы орайда құрылған мобильді топтарға қиын жағдайдағы отбасыларды, зорлық-зомбылық әрекеттері бар отбасыларды анықтау міндеті жүктелген. Мәселен, маусым айынан бері 45 мың отбасы анықталып, 1800 отбасы жан-жақты сүйемелдеу жұмыстарымен қамтылып отыр, - деді Д.Зәкиева Парламент Мәжілісінде тілшілер сұрағына жауап бере отырып.