Құрылыста зардап шеккен үш азаматтың жағдайы белгілі болды

0
1 073

Ол үш адамның арасында жас бала бар екенін мәлімдеді.


Құрылыста зардап шеккен үш азаматтың жағдайы белгілі болды

ERNUR.KZ. Астана қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Әйгерім Ардақ қаладағы құрылыс алаңдарынының бірі құлауының салдарынан зардап шекен азаматтардың жағдайы туралы мәлімдеді, деп жазады Baq.kz.

"Кеше 1 тамыз күні сағат 19.52-де 103 пунктіне Балқантау 92 көшесінде құрылыс алаңының құлауы салдарынан зардап шеккендер бар деген қоңырау түсті. Оқиға орнына дер кезінде жеткен жедел жәрдем бригадасы үш зардап шеккенді бірінші қалалық ауруханаға жеткізді. Қазіргі таңда зардап шеккендердің денсаулық жағдайы орташа, тұрақты деп бағаланып отыр. Әрқайсысы медициналық көмекпен толық қамтамасыз етілді. Үш зардап шеккен адам қазір аурухананың бейінді бөліміне жатқызылды. Диагнозы - политравматизм", - деді Астана қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы.

Сондай-ақ ол зардап шеккендердің жан сақтау бөлімінде емес екенін аптап өтті. Ол үш адамның арасында жас бала бар екенін мәлімдеді.

Еске сала кетсек, Астанадағы Балқантау көшесінде жаңадан салынып жатқан үйдің бірінші қабатының төбесі опырылып құлап, жұмысшыларды басып қалды. Оқиға Балқантау көшесіндегі 171-ші үйде, кешкі сағат 8-дің шамасында болған. 48 және 35 жастағы екі азамат құтқарылды.

Төтенше жағдайлар комитетінің жедел құтқару жасағы біраз уақыттан кейін тағы бір азаматты үйінділер астынан алып шықты. Зардап шеккендердің үшеуі де ауруханаға жеткізілді.