ERNUR.KZ. Алматы тауында адасқан адамның денесі табылды, деп жазады zakon.kz.
Алматы тауында жоғалып кеткен адамды іздеу іс-шарасы аяқталды. 2021 жылы 12 ақпанда сағат 14: 30-да бір тәулікке жетпейтін уақытта 1981 жылғын ер адамның денесі Шымбұлақ шатқалынан табылды, - деді ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли.
Іздеудің алғашқы күнінен бастап құтқару жұмыстары нөлдік көріну (тұман) жағдайында жаяу жүргізілді. Іздестіру жұмыстары үздіксіз атқарылды. Қазәуеқұтқарудың KA-32 тікұшағы дайын тұрды, бірақ ауа-райының қолайсыздығына байланысты оның ұшуы мүмкін болмады.
Ауа-райы аз-маз жақсарған кезде Төтенше жағдайлар және апаттар қаупін азайту жөніндегі халықаралық орталықтың дроны қолданылды.
Дрон теңіз деңгейінен 3 300 метр биіктікке 5 реттен аса көтерілді. Көтерілу кезінде ол құлаған адамның ізін түсірді, бұл құтқарушылардың бағдар алуына және іздеу аймағын оқшаулауға мүмкіндік берді. Өрмелеу техникасы мен арқандарды пайдаланып, құтқарушылар шатқалға түсті. Қар көшкіні қаупіне қарамастан, қазіргі уақытта мәйітті тасымалдау жұмыстары жүргізілуде. Бұл 3 сағаттан астам уақытты алады, - деп мәлімдеді Уәли.
Құтқару жұмыстарына барлығы 70 құтқарушы қызметкері мен 12 техника жұмылдырылды.
Айта кетсек, 2021 жылғы 11 ақпанда сағат 15.20-да "112" пультіне 1981 жылғы азамат хабарласып, өзінің "Шымбұлақ" шыңына көтеріліп, жолдан адасып, таудан өз бетімен түсе алмайтындығы туралы айтқан.