Өз кезегінде, баланың ата-анасы Бішкектің туристік милиция қызметкерлеріне алғыс білдірді.
ERNUR.KZ. Ыстықкөлде қырғызстандық милиция Қазақстаннан демалуға барған туристердің баласын тауып берді, деп жазады ҚазАқпарат.
Агенттіктің хабарлауынша, кеше Ыстықкөл облысының Бостері демалыс орнындағы жағажайлардың бірінде, шамамен 15:00-де қазақстандық туристер жергілікті милицияға барып, бес жасар баласын табуға көмектесуін өтінген.
Бішкек туристік милициясының қызметкерлері кешенді іздеу шараларын жүргізді. Нәтижесінде 2 шақырым жердегі басқа демалыс орнынан аман-есен табылды.
Өз кезегінде, баланың ата-анасы Бішкектің туристік милиция қызметкерлеріне алғыс білдірді.