Қыркүйекте колледж студенттерінің шәкіртақысы 50 пайызға көбейеді

0
805

Университеттерде 20 пайызға артады.


Қыркүйекте колледж студенттерінің шәкіртақысы 50 пайызға көбейеді

ERNUR.KZ. Биыл 1 қыркүйектен бастап 380 мыңнан астам студенттің шәкіртақысы өседі. Бұл туралы бүгін үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгінов мәлім етті, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-министр Әлихан Смаилов елдегі экономикалық жағдай туралы есеп берді. Екінші кезекте оның әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Алтай Көлгіновке сөз беріліп, ол халықты әлеуметтік көмекпен қамтуға бағытталған шаралардың нәтижесі мен болашақтағы жоспарлар туралы айтты.

Алтай Көлгіновтің айтуынша, төмен жалақы алатын адамдардың саны қазір 1 млн адамға жуықтаған.

«Егер өткен жылы атаулы әлеуметтік көмекті сегіз жүз мыңнан астам адам алса, биыл бірінші тоқсанның өзінде олардың саны 446 мың адамға жетті», - деді баяндамасын бастаған Көлгінов.

Ал халықты әлеуметтік қолдау шараларына тоқталған ол студенттер үшін сүйінші жаңалықты жария етті.

«Бірінші қыркүйектен бастап 380 мыңнан астам студенттің шәкіртақысы колледжерде 50 пайызға, университеттерде 20 пайызға артады», - деп хабарлады ол.