2025 жылдың басында Ұлттық қорда 34 трлн 730 млрд 106 млн 884 мың теңге ақша болған.
Коллаж: Kazinform; Freepik
ERNUR.KZ. Қаржы министрлігі Ұлттық қордың 9 айдағы түсімдері туралы мәлімет жариялады, деп жазады inform.kz.
2025 жылдың басында Ұлттық қорда 34 трлн 730 млрд 106 млн 884 мың теңге ақша болған. Ал 1 қазанда бұл сома 35 трлн 837 млрд 822 млн 453,9 мың теңге болған.
Айта кету керек, министрліктің 1 қыркүйектегі мәліметінде Ұлттық қорға 36 трлн 105 млрд 858 млн 875,8 мың теңге түскені айтылған болатын. Бұдан бір айдың ішінде жалпы түсім 268 млрд теңгеге азайып кеткенін көруге болады. Себебі қыркүйек айында Ұлттық қордан жұмсалған ақша көлемі 1 қыркүйекте шамамен 3 трлн 863 млрд 34 млн 763,7 мың теңге болса, 1 қазанда 4 трлн 220 млрд 48 млн 334,2 мың теңгеге жеткен. Бұған қарап қыркүйек айында Ұлттық қордан 357 млрд 13 млн теңге жұмсалғанын көреміз. Оның 355 млрд теңге мақсатты трансфертке, қалған 2 млрд теңгеден астамы қорды басқару мен жыл сайынғы аудит шығындарына кеткен.
Ұлттық банк қазан айында Ұлттық қордан 600–700 млн доллар сатуды жоспарлап отыр.