Қызылорда облысында су еріп, үйлерді басып қала жаздады

0
302

Жедел қабылданған шаралардың арқасында жеке тұрғын үйлерді су басуына жол берілмеді.


Қызылорда облысында су еріп, үйлерді басып қала жаздады

ERNUR.KZ. Кеше, 8 наурыз күні кешке Қызылорда облысы Қармақшы ауданының Жосалы кентінде қардың еруі салдарынан Қасымов және Мәмбет би көшелеріне су жайылды, деп жазады Zakon.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, су тұрғын үйлердің аумағына кірмеген, зардап шеккендер жоқ.


"Оқиға орнына төтенше жағдайлар департаменті, жергілікті атқарушы органдардың және полицияның күштері мен құралдары жедел жетті. Салдарын жоюға барлығы 150-ден астам адам және 14 бірлік техника, оның ішінде мотопомпалар жұмылдырылды", - деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.


Жедел қабылданған шаралардың арқасында жеке тұрғын үйлерді су басуына жол берілмеді.

Қазіргі уақытта еріген қар суын сору және бұру жұмыстары толығымен аяқталды, жағдай тұрақты.