Қызылордада тасқа ұрса да жүзі майыспайтын көне қылыш табылды

0
2 415

Өте мықты металдан жасалған қылыш бетон мен тасты қақ жарса да, жүзі майыспай, сол күйінде қалған.


Қызылордада тасқа ұрса да жүзі майыспайтын көне қылыш табылды

фото: 24.kz

ERNUR.KZ. Қызылорда облысындағы Шиелі ауданында тұрғын үйдің ауласынан көне дәуірдің қылышы табылды, ERNUR.KZ 24.kz арнасына сілтеме жасап.

Дарханбек Сейітсұлтанов үйіне құбыр тартып жүріп, жер астынан 3 метрдей тереңдіктегі қылышқа ұқсас затты кезіктірген. Бірақ оны құнды жәдігер деп ойламайды. Оған Ғалымжан есімді досы қызығып, әбден тот басқан қаруды тазалап көреді. Өте мықты металдан жасалған қылыш бетон мен тасты қақ жарса да, жүзі майыспай, сол күйінде қалған.

Содан кейін ғана олар суық қаруды аудандық тарихи-өлкетану мұражайының мамандарына тапсырады. Ал оның қай ғасырларға жататынын ғалымдар мен сарапшылар анықтауға кірісті.

– Бұл жәдігер алдағы уақытта зертеуді қажет етеді. Құрамында жалғыз темір ғана емес, бірнеше қоспа, түрлі түсті металдардан қосылып жасалғаны анықталды. Нақты жорамал алдағы уақытта белгілі болады, - дейді Шиелі аудандық тарихи-өлкетану мұражайының директоры Өсербек Төребай.