​Қызылордада түнгі клубта адамды есеңгірететін азот оксиді сатылған

0
229

Әлеуметтік желіде Қызылорда қаласында түңгі клубта азот оксиді құйылған шарлар ашық сатылып жатқан туралы ақпарат тараған еді.


​Қызылордада түнгі клубта адамды есеңгірететін азот оксиді сатылған

Фото: Қызылорда облыстық полиция департаменті

ERNUR.KZ. Қызылорда облысында полицейлер түнгі клубта адамды есеңгірететін азот оксидін сату дерегін анықтады, деп жазады inform.kz.

Әлеуметтік желіде Қызылорда қаласында түңгі клубта азот оксиді құйылған шарлар ашық сатылып жатқан туралы ақпарат тараған еді.

- Облыстық Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері түнгі клубқа рейд жүргізді. Нәтижесінде ол жерден 2 дана 10 литрлік газ баллоны анықталды. Оған қоса полиэтилен пакетіне салынған шариктер, «кальян» аппараты заттай дәлел ретінде алынды. Осыған байланысты ҚР Қылмыстық кодексі 310-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеті басталды. Онда дәрiлiк немесе басқа да құралдарды пайдаланып есеңгiрету үшiн притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау жағдайы көрсетілген, - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.

Ведомство мәліметінше, полицейлер қоғамдағы тәртіп пен тыныштықты қадағалау бағытында нақты жұмыстар жүргізіп келеді. Демалыс күндері қалада күшейтілген режимде әрбір ойын-сауық орталығына тексеру жүргізіледі.