Марат Омаровтың анасы бақилық болды

0
2 293

Әншінің анасы 96 жасында көз жұмды.


Марат Омаровтың анасы бақилық болды

Танымал қазақстандық әнші- композитор Марат Омаровтың анасы Сұлухан Сұлтанова мәңгілік қайтпас сапарға аттанды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Марат Омаровтың қызы әнші Зарина Омарова өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазыпты.

"Бүгін Алланың қалауымен мамыр айының 9 күні асыл әжеміз бақилық болды. Апатайым ❤ сізді жанымдай жақсы көремін. Жатқан жеріңіз жайлы, жаныңыз жәннәтта болсын. Жарқын бейнеңіз мәңгі есімізде. Жаназасы ертен сағат 11:00 де Шымкент қаласында", - деп жазады Зарина Омарова.