Мемлекет басшысының сөзінше, бұған дейін қаланың бірыңғай дизайн-коды әзірленді.
ERNUR.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елорданы дамыту мәселелері жөніндегі кеңес отырысында Астананың келбетін сақтап қалуымыз керек екенін, қалада әлемнің ең үздік сәулет үлгілері қолданылуы керек екенін айтты, деп жазады Zakon.kz.
Мемлекет басшысының сөзінше, бұған дейін қаланың бірыңғай дизайн-коды әзірленді. Бірақ бұл құжат қағаз жүзінде ғана қалды.
"Салынып жатқан кейбір ғимараттар бір-бірімен мүлдем үйлеспейді. Қаланың оңтүстік-шығыс ауданында сыртқы сипаты сын көтермейтін, бей-берекет салынған нысандар көп. "Артем" және "Тұлпар" сауда орталықтарының маңын да ретке келтіру керек. Әкімдік нақты шаралар қабылдауға тиіс»", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президенттің айтуынша, тағы бір мәселе - қаланың келбетін бұзып тұрған ала-құла жарнамалардың көп болғаны. Оның бәрі талапқа сай болуы керек.
"Сонымен қатар қалада орынсыз құрылыс жұмыстары көбейіп кетті, яғни үйлердің арасына ғимарат салына беретін болды. Бұл әсіресе, «Мыңжылдық» аллеясында, Сарайшық, Сығанақ, Тұран, Бейсеков көшелерінде қатты байқалады. Тұрғындарға әлеуметтік нысан, саябақ немесе ойын алаңы салынады деп уәде беріледі. Алайда, ол жерде иін тірескен ғимараттар пайда болады. Мысалы, «Олимп палас-2» тұрғын-үйінің ауласындағы ойын алаңының орнына зәулім кеңсе салынған".Президент
Мемлекет басшысы мұндай құрылысты біржола доғару керек екенін айтты. Әйтпесе, шешім қабылдаған тиісті лауазым иелері жемқорлыққа байланысты жауапқа тартылады. Президенттің сөзінше, себебі осындай шешімдердің астарында құрылыс компанияларының әкімдікте жұмыс істейтін адамдармен бірге азаматтарымыздың ықыласына қарсы қабылдаған әрекеттері жатыр.