Мемлекет басшысы Таиландтың Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады

0
318

Президент табиғат апаты кезінде жарақаттанғандардың тез арада сауығып, отбасыларына дін аман оралуына тілектестігін білдірді.


Мемлекет басшысы Таиландтың Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады

фото:gov.kz

Мемлекет басшысы Таиландтың Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Таиландтағы жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты осы елдің Премьер-министрі Пхэтхонгтхан Чинаватқа және жақындарынан айырылған отбасыларға көңіл айтты.

Президент табиғат апаты кезінде жарақаттанғандардың тез арада сауығып, отбасыларына дін аман оралуына тілектестігін білдірді.