Минск автомобиль зауыты Қазақстанға 1 миллион долларға техника жеткізеді

0
578

Минск автомобиль зауыты - ауыр көліктер, арнайы техника, автобустар, троллейбустар және тіркемелер шығаруға маманданған Беларусьтің ірі машина жасау кәсіпорындарының бірі.


Минск автомобиль зауыты Қазақстанға 1 миллион долларға техника жеткізеді

ERNUR.KZ. Минск автомобиль зауыты Қазақстанға 1 млн долларға техника жеткізуге келісімшартқа отырды, деп жазады inbusiness.kz.

Тиісті құжатқа коммерциялық директордың бірінші орынбасары Борис Мущинский мен Экономика бас басқармасының басшысы Александр Телеш қатысқан Беларусь-Қазақстан сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының отырысында қол қойылды.

Іскерлік кеңес аясында Минск автомобиль зауыты мен Қазақстанның іскер топ өкілдері арасында келіссөздер жүргізілді.

Сапар барысында Нұр-Сұлтан қаласында қызмет көрсету орталығын құру туралы шешім қабылданды.

Минск автомобиль зауыты - ауыр көліктер, арнайы техника, автобустар, троллейбустар және тіркемелер шығаруға маманданған Беларусьтің ірі машина жасау кәсіпорындарының бірі. Тауар белгісі ТМД және шетелде кеңінен танымал. Құрал-жабдықтар Еуро-3, 4, 5 және 6 экологиялық стандарттарына сәйкес келеді.Зауыт конвейерінен жүк тракторлары, борттық көліктер, әртүрлі арнайы техниканы орнатуға арналған шассилер – барлығы 500-ден астам үлгі және 3 мыңнан астам модификациялар шығады.