Мұхамедиұлы мен өзге де айыпталушылар мемлекетке 43 миллион теңге өтейді

0
372

Ол тергеу сатысында Мұхамедиұлы 111 миллион теңгеден аса шығынды ішінара өтегенін атап өтті.


Мұхамедиұлы мен өзге де айыпталушылар мемлекетке 43 миллион теңге өтейді

ERNUR.KZ. Астана қаласы Байқоңыр аудандық №2 сотының судьясы Бағлан Ыдырысов экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлы мен өзге де айыпталушыларға қатысты іс бойынша 43 миллион теңге өндіру туралы шешім шығарды, деп жазады tengrinews.kz.

"Мәдениет және спорт министрлігінің материалдық залалды өндіру туралы азаматтық талап арызы ішінара қанағаттандырылсын. Мұхамедиұлы, Нұразхан, Көшенов және Садвокасовадан 43 миллион 829 мың 114 теңге материалдық шығын мемлекет пайдасына өндірілсін. Осы үкiм заңды күшiне енген күннен бастап сотталғандарға азаматтық талап бойынша сот үкiмiн өз еркiмен орындау үшiн бiр ай мерзiм белгiленсiн. Көрсетілген мерзім өткеннен кейін азаматтық талап тұрғысынан үкімді орындамаған жағдайда ол мәжбүрлеп орындауға жатады", - деді судья.

Ол тергеу сатысында Мұхамедиұлы 111 миллион теңгеден аса шығынды ішінара өтегенін атап өтті.