Мұндай болмас еді": Бес қызынан айырылған жанұяның көршісі жанайқайын жеткізді

0
3 361

Көзі жасқа толған әйел қазір, тіпті, айтарға сөзі жоқ екенін жеткізді.


Мұндай болмас еді

ERNUR.KZ. Астанада өрт салдарынан бір түнде бес қызынан бірдей айырылған жанұяның көршісі мемлекетке өз өкпесін айтты. Қайғылы жағдайдан соң есін жинай алмай отырған келіншектің видеосы әлеуметтік желіге тарап кетті деп жазады NUR.KZ.

Көзі жасқа толған әйел қазір, тіпті, айтарға сөзі жоқ екенін жеткізді.

"Егер ол (марқұмдардың анасы- ред) пәтер үшін жүгіріп жүргенде мемлекетіміз бір жауап қатқанда, мұндай жағдай орын алмас еді деп ойлаймын. Мен қазір олардың жандарына да бара алмаймын. Біз түнімен ұйықтамай жүрміз. Мен оларға не айту керек екенін де білмеймін", - деп жылады келіншек.