Зардап шеккен 41 адамның ішінде үш қазақстандық турист бар екен.
Фото: Cairo24.com
ERNUR.KZ. Мысырда Рас-Сидр қаласында автобус аударылып, салдарынан 41 адам зардап шекті, деп жазады stan.kz.
Зардап шеккен 41 адамның ішінде үш қазақстандық турист бар екен.
Мысыр ақпарат құралдары Рас-Сидр қаласының маңында туристік автобус апатқа ұшырағанын хабарлады.
31 адам Ресей мен Украинадан келген туристер. Сондай-ақ, басылымның мәліметінше, зардап шеккендер:
- Қазақстаннан үш турист;
- Әзірбайжаннан үш турист;
- Төрт жергілікті тұрғын.
Әзірге әрбір адамның денсаулық жағдайы туралы нақты ақпарат жоқ. Жаралылар ауруханаға жатқызылды.