Министр алдағы уақытта учаскелерге бөлу мен бекітуді электронды түрде ұйымдастыруға болатынын атты.
ERNUR.KZ. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин референдумда неліктен онлайн дауыс беру болмағанына жауап берді, деп жазады Stan.kz.
"Бізге мұндай өтініш түскен жоқ. Дауыс беру процесін ұйымдастыруға келетін болсақ бұл бір айда біте қоятын шаруа емес. Бұған технологиялық дайындық керек. Біз үдерістерді бірнеше жағынан зерделеуіміз керек. Тек дауыс беру процесін ғана емес, бәрін автоматтандыруға болады", - деді Мусин.
Министр атап өткендей онлайн дауыс беру арқылы бақылаушылар өз жұмысын атқара алмайды.
“Онлайн дауыс беруді ұйымдастырудың өзінде көптеген талқыланатын тұстар бар. Әдетте дауыс беру кезінде бақылаушылар бір адамның бір қағазға жазып салғанын қадағалай алады. Ал онлайн форматта бұндай жағдайда бақылау қиынға түседі. Ал сандық камералар біздің елімізде қаншалықты дайын. Бұл көп талқыға түсетін мәселе. Әлемде онлайн түрде дауыс беру өткізілетін бір елді болсын білесіздер ме?”,- деп қосты министр.
Министр алдағы уақытта учаскелерге бөлу мен бекітуді электронды түрде ұйымдастыруға болатынын атты.
“Дауыс беру процесінің өзіне келетін болсақ оны халықаралық тәсілдер тұрғысынан зерделеу керек. Өйткені біз әлі де оны цифрландырып, солай болады деп нақты айта алмаймыз. Мәселені жан-жақты зерттеу керек. Рәсімнің өзін электронды түрде жасау қиын емес. Бірақ оған барлығының сенетініне көз жеткізу, бүкіл халықаралық қауымдастықтың растауы үшін көп жұмыс істеу керек", - деп түйіндеді ол.