Нұр-Сұлтанда 104 рет жол ережесін бұзған жүргізуші 5 жылға сотталды

0
1 010

Ақырында жаяу жүргіншілер жолынан өтіп бара жатқан балалы ананы қағып өлтірген.


Нұр-Сұлтанда 104 рет жол ережесін бұзған жүргізуші 5 жылға сотталды

ERNUR.KZ. Ол автобус жолағымен емін-еркін жүйткігенінен бөлек, жылдамдықты асыру бойынша 86 рет бейнебақылауға түскен. Автомобильде Ресей мемлекеттік нөмірі болған. Заңды елемей жүр берген ол ақыры жүргіншілер жолағында өтіп бара жатқан адамды қағып өлтірген, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Тойота» маркалы автокөлігі анасы мен баласын қағып кетті. Қатты соққы салдарынан бала сол жерде жан тәсілім етіп, әйел адам ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Алайда емханада ол да есін жимастан көз жұмды. Сот шешім шығарып, жүргізуші 5 жылға бас бостандығынан айырылды», – дейді Нұр-Сұлтан қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасының басшысы Елжан Шүпеков.

Жыл басынан бері шетелдік нөмір таққан автомобильдердің 60 мыңнан астам жол ережесін бұзғаны тіркелген. Жалпы, жыл басынан бері Нұр-Сұлтанда ереже бұзған жүргізушілерге салынған айыппұл көлемі 6,8 миллиард теңгені құраған. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 4 есе көп. Заңды белшесінен басқан көлік жүргізушілерін бірден анықтау «Сергек» жобасы аясында орнатылып жатқан бейнебақылау жүйелері арқылы мүмкін болып отыр, дейді мамандар.

«Бүгінгі таңда қала ішінде жол ережесін бұзу жағдайларын анықтау, қозғалысын, логистиканы бақылау бойынша 6183 камера орнатылған. Яғни жылдамдық режимін бұзу және жолақтардан өтіп кету фактілері бірден бейнебақылауға түседі. Нұр-Сұлтан қаласында жалпы бейнебақылау камераларын орнату және ең криминогендік аулаларды қамту нәтижесінде қоғамдық орындарда қылмыстың 44% -ға төмендеуі байқалды», – дейді дейді Нұр-Сұлтан қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасының басшысы Елжан Шүпеков.