Нұр-Сұлтанда студент қыздар азық-түлік дүкенінде ұрлық жасады

0
461

Ұрлайтын заттары негізінен азық-түлік, сусындар мен гигиенаға арналған тауарлар екен.


Нұр-Сұлтанда студент қыздар азық-түлік дүкенінде ұрлық жасады

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтан қаласындағы бір университеттің 18 және 19 жастағы екі студенті шағын супермаркеттерде ұрлықпен айналысқан, деп хабарлайды zakon.kz.

Тергеу барысында анықталғандай, қыздардың бірі сатушының назарын бұрғанда, екінші тауар ұрлаумен айналысқан. Дүкендегі заттарды рюкзакқа салып, тегін алып кетуді әдет қылыпты. Сондағы ұрлайтын заттары негізінен азық-түлік, сусындар мен гигиенаға арналған тауарлар екен.

Олардың екі дүкенде ұрлық жасағаны ашылды, ұрлаған тауарларының жалпы сомасы 50 мың теңгеге жуық.

Полиция ұстаған соң олар ұрлық жасағанын мойындады. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілердің бұрын жасалған ұқсас қылмыстарға қатысты тексеріледі.

Нұр-Сұлтан полиция департаменті дүкен қызметкерлеріне қырағы болуды, күдікті адамдарға назар аударуды және жұмыс орнын қараусыз қалдырмауға кеңес береді.