Нұр-Сұлтанда вирус жұқтырған бес адам ауыр хәлде жатыр

0
745

Бүгінде астананың инфекциялық стационарларында 862 пациент жатыр, соның ішінде қырық төрт бала бар.


Нұр-Сұлтанда вирус жұқтырған бес адам ауыр хәлде жатыр

ERNUR.KZ. Елордада індетке шалдыққан бес пациенттің жағдайы ауыр, үшеуі жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Бұл туралы қаланың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова мәлімдеді, деп жазады Sputnik Қазақстан.

"Коронавирус инфекциясын жұқтырған бес пациенттің жағдайы тұрақты, бірақ ауыр. Үш адам жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Клиникалық хаттамаға сәйкес ем алып жатыр. Қалған пациенттердің жағдайы қанағаттанарлық", - деді Қисықова онлайн брифингте.
4 сәуірдегі жағдай бойынша елордадағы инфекциялық стационарларда 862 пациент жатыр, соның ішінде 44 бала бар.
Нұр-Сұлтан қаласында вирус жұқтырғандар саны 202 адамға жетті. Он жеті пациент жазылып шықты, бір адам қайтыс болды.