Бұған қоса тағы бір 2 миллион 489 мың 650 теңгелік айыппұлы бар жүргізушіні анықталды.
ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтан қаласында көлік жүргізушісіне жол ережесін бұзғандықтан 6 миллион теңге көлемінде айыппұл салынған, деп жазады Stan.kz.
3 желтоқсан күні елордалық полиция қызметкелері Volvo XC90 автокөлігін тізгіндеген жүргізушіні ұстаған.
"Бейнебақылау камераларына жүргізілген мониторинг нәтижесінде Volvo XC90 автокөлігі жол ережесін бұзғандығы анықталды. Аталған теміртұлпарға тіркелген құжаттарға тексеріс барысында бұл көліктің осы уақытқа дейін жол ережесін бұзған 98 әрекеті айқындалған болатын. Осыған сәйкес жүргізушіге салынған айыппұл көлемі 6 миллион 95 мың 350 теңгені құраған", - делінген ПД-нің мәлімдемесінде.
Бұған қоса полиция қызметкерлері Lexus LX 570 автокөлігін мінген, атына 49 жол ережесін бұзушылық тіркелген және 2 миллион 489 мың 650 теңгелік айыппұлы бар жүргізушіні анықтапты.
Қазіргі таңда жүргізушілердің көліктері айыппұл тұрағына жөнелтіліпті.