Алдын ала мәліметке қарағанда, студент өзіне-өзі қол жұмсаған.
Фото: Алтынай Сағындықова/Kazinform
ERNUR.KZ. Орал қаласында колледж студентінің мүрдесі табылды, деп жазады inform.kz.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 1 қаңтар күні болды.
- Алдын ала мәліметке қарағанда, студент өзіне-өзі қол жұмсаған. Қазіргі кезде оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр. Қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, - деп хабарлады ведомстводан.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырап, 3 адам зардап шеккенін жазған едік. Оқиға 31 желтоқсан күні сағат 23.50-де Зачаган кентіндегі Е.Брусиловский көшесі бойында болды.