“Орындалмайтын талап": Мағзұм Мырзағалиев мұнайшылардың талабы жиі өзгеретінін айтты

0
581

Сонымен қатар мұнайшылардың жұмысындағы келісімшарттарға тоқталды.


“Орындалмайтын талап

ERNUR.KZ. "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" АҚ басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев жаңаөзендік жұмысшылардың талабы орынсыз екенін айтты, деп жазады stan.kz.

“Келіссөзге келген азаматтардың талабы - 3 жылдық келісімшарт. Біз ол талапты орындауға дайын екенімізді айттық. Жалпы, бұл - бизнес. Бизнесте бәсекелестік болуы керек. Бұл жерде бір компания ұтып, біреуі ұтылды. Ұтқан компания "БерӘлі" жұмысшыларын жұмысқа алуға дайын екенін айтты. Кейін жұмысшылар ол компаниядан да бас тартты. Екінші компания да келіп өз жұмысын ұсынды”, – деді Мағзұм Мырзағалиев.

Сонымен қатар мұнайшылардың жұмысындағы келісімшарттарға тоқталды.

“Бұған дейін тендерлік келісім бір жылдық болды. Қазіргі таңда үш жылдық келісімшартқа ауысуға шешім қабылдадық. Бірақ бұл тек "Қазмұнайгаздың" ұстанымы емес. Жекеменшік компаниялардың өзіндік тәуекелдері бар. Егер олар үш жылға қол қойып, кейін инфляция болып құрал-жабдықтардың бағасы өсетін болса, қиын болады. Ол, әрине әрбір компанияның дайындығына байланысты”, – деді компания басшысы.

Мырзағалиевтің сөзінше, мұнайшылардың талабы жиі өзгереді.

Біз жұмысқа дайын екенімізді айттық. Бірақ олар "Өзенмұнайгаздың" өзіне жұмысқа тұрғысы келетінін айтты. Бұл өте орынсыз, орындалмайтын талап. Неге десеңіздер, ол жерде кезекте тұрған 9 мың адам бар. Мәселен, "Өзенмұнайгазға" кіру үшін оның белгілі бір алгоритімі бар. Біріншіден, коммуналдық мекемеге жұмысқа кіреді, кейін ғана компанияға орналаса алады”, – деді Мағзұм Мырзағалиев.