Өскеменде 2 мыңға жуық үйді су басуы мүмкін

0
1 129

Жергілікті әкімдік пен төтенше жағдайлар қызметі қазірден бастап көктемгі қарбаласқа дайындықты бастап жатыр.


Өскеменде 2 мыңға жуық үйді су басуы мүмкін

ERNUR.KZ. Өскеменде биылғы көктемде 2 мыңға жуық үйге қызыл су енуі мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың қатарында қысы-жазы халық тұрып жатқан бірнеше саяжай массиві де бар. Жергілікті әкімдік пен төтенше жағдайлар қызметі қазірден бастап көктемгі қарбаласқа дайындықты бастап жатыр. Жалпы қыс маусымы басталғалы бері шаһардан 74 мың текше метр қар шығарылды. Қазір 120 адаммен 60 техника осы ақ ұлпаны күреп, тазалау шаруаларына жұмылдырылған. Төтенше жағдайлар қызметі осдан екі жыл бұрынғы қатты тасқынды ескере отырып, шаһардағы ең қауіпті деген учаскелерді анықтап назарға алды. Сонымен қатар арықтар мен өзен арналарының көздерін ашу, бөгеттерді бекіту жұмыстары істеліп жатыр. Құтқарушылар жергілікті жұртпен де кездесіп, сақтық шараларын ескертуде.

– Өздерінің ауласын қардан тазалап, арықтар мен су құбырларының таза ұстап отырса деймін. Қоқыстан көрінбей кеткен көп жер. Сол шараларды істесе, көмегін тигізер еді деп ойлаймын, - дейді қалалық ТЖБ бастығының орынбасары Дастан Ахметов.