Олардың көбі амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда
ERNUR.KZ. Өткен тәулікте елімізде 34 адамнан коронавирус анықталды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
26 наурыздағы жағдай бойынша, коронавирус инфекциясынан 1 737 адам (коронавирустан (КВИ+) –1 563, пневмониядан (КВИ-) – 174 КВИ) емделуде. Олардың ішінде 152 пациент стационарда, 1 585 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 3 адамның жағдайы ауыр, 2 пациенттің жағдайы өте ауыр, ал 3 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.