Павлодар облысында Ресейге бара жатып, жолда қалып қойған Өзбекстан азаматтары құтқарылды, - деп хабарлайды өңірдің ішкі істер департаменті баспасөз қызметі.
Павлодар облысында Рсейге бара жатып, жолда қалып қойған Өзбекстан азаматтары құтқарылды, деп хабарлайды өңірдің ішкі істер департаменті баспасөз қызметі.
Полиция өкілдерінің мәліметінше, Павлодар-Қызылорда автожолында Достық ауылы маңында 55 жолаушысы бар автобус сынып қалған, олардың бәрі Өзбекстан азаматтары екен.
Оларға көмекке жергілікті полиция қызметі аттанып, тоңып қалған жолаушыларды Достық ауылының мектебіне орналастырды. Жолаушыларға ас-су беріп, екінші автобуспен Ресей шекарасына жеткізіп салған, ал ол жерде ресейлік автобус Өзбекстан азаматтарын әрі қарай алып кеткен.