Павлодарда денесіне 19 литр сұйықтық жиналған науқасқа ота жасалды

0
160

55 жастағы пациенттің іш қуысы мен жамбасында көлемді ісік бар екені анықталды.


Павлодарда денесіне 19 литр сұйықтық жиналған науқасқа ота жасалды

фото: Sputnik / Александр Кряжев

ERNUR.KZ. Павлодар облыстық ауруханасында гинеколог дәрігерлер ағзасына 19 литр сұйықтық жиналған науқасқа ота жасады, деп жазады inbusiness.kz.
55 жастағы пациент іш қуысы мен жамбастағы көлемді ісікке байланысты жоспарлы операция жасау үшін ауруханаға жіберілді. Операция 2,5 сағатқа созылды, оның барысында 19 литр сұйықтық алынды.
Операциядан кейінгі кезең асқынусыз өтуде. Пациенттің жағдайы қалыпты. Ол ауруханада тағы бір апта болады. Бақылау талдаулардан кейін дәрігерлер оны шығару туралы шешім қабылдай алады.
Аурухананың медициналық ұжымы бұл операция мекемедегі жоғары білікті мамандар мен қолданылып жүрген заманауи жабдықтардың арқасында мүмкін болғанын атап көрсетті.