Қазір Есіл өзеніндегі су деңгейі көтеріліп жатыр, дейді ТЖ басқармасының бастығы.
ERNUR.KZ. Петропавлда 1400 саяжай учаскесі су астында қалды. Онда тұрып жатқан жүз адам қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды qazaqstan.tv.
Заречный кентіне аумағында Есіл өзенінің деңгейі көтеріліп келеді. Қауіпсіздік мақсатында көлік қозғалысы тоқтатылды. Жалпы су тасқыны басталғаннан бері өңірде 11 жол учаскесін су басты.
Қазір Есіл өзеніндегі су деңгейі көтеріліп жатыр. Айтарлықтай шығынға батып, жапа шеккендер жоқ. Дегенмен, қауіп толық сейілді дей алмаймыз, - дейді қалалық ТЖ басқармасының бастығы Владимир Хутинаев.