Оқиға орнына дереу жеткен өртсөндірушілер үйдегі өртті ауыздықтады.
ERNUR.KZ. Петропавлда Жұмысшылар кентіндегі үйлердің бірінде 1 қаңтарда өрт шықты. Оқиға орнына бірінші болып 19 жастағы студент Мария Симонова шықты. Бойжеткен өртеніп жатқан үйге жүгіріп кіріп, ер адамды құтқарып қалды, деп жазады Tengrinews.kz.
Марияның айтуынша, ол түтінді көріп, өрт шыққан жерге қарай жүгірген. Үйдің есігін ашқан бойжеткен төрт аяғымен шығып бара жатқан ер адамды көрді. Мария оны түтінге толы бөлмеден эвакуациялауға көмектесті, кейін ол өртсөндірушілерді шақырды. 1990 жылы туған ер адам қолы мен басынан жеңіл күйік алған, ол ауруханаға жатқызуды қажет етпеді.
Оқиға орнына дереу жеткен өртсөндірушілер үйдегі өртті ауыздықтады. Өрт болған жерден үйде тұратын 1989 жылы туған ер адамның жансыз денесі табылды. Өрт 48 шаршы метр аумақта жеке заттар мен жиһазды шарпыған. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.