​Петропавлда 20 метр биіктен құлаған жігіт аман қалды

0
117

Петропавлдағы көпбейінді қалалық жедел жәрдем ауруханасына биіктіктен құлау салдарынан көптеген жарақат алған 29 жастағы ер адам жеткізілді.


​Петропавлда 20 метр биіктен құлаған жігіт аман қалды

Фото: freepik.com

ERNUR.KZ. Петропавлда құрылыс алаңында жүрген жұмысшы 20 метр биіктіктен құлап кетті, деп жазады inform.kz.

Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаментінің мәліметінше, бұл оқиға Петропавлдағы құрылыс объектілерінің бірінде болған. Ер адам 20 метр биіктіктен құлап зардап шекті. Полиция тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргiзу кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

СҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, Петропавлдағы көпбейінді қалалық жедел жәрдем ауруханасына биіктіктен құлау салдарынан көптеген жарақат алған 29 жастағы ер адам жеткізілді. Жігіт ауыр жарақат алып, жағдайы ауыр болғанымен, кеуде, сол жақ иық, жамбас және екі төменгі аяқтың қатты ауырсынуына шағымданған. Ол шұғыл түрде жансақтау бөліміне жатқызылды.
Дәрігерлер ер адамды тексеру барысында оң жағында пневмоторакс, өкпенің соғылуын және иық, бұғана, жамбас және аяқтарының жабық сынығын анықтады. Сондай-ақ сырқатта 2 дәрежелі травматикалық шок болған.
Мамандардың айтуынша, қазір науқастың жағдайы тұрақтанды. Төрт күннен кейін ол жарақат бөліміне ауыстырылды. Қазіргі уақытта ер адамның жағдайы ауыр болғанымен, тұрақты. Оған қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.
Бұған дейін СҚО-да қалың қарда балық аулауға шыққан 6 адамға құтқарушылардың көмегі қажет болғанын жазған едік.