Петропавлда автобус өртеніп кетті

0
1 001

Қоғамдық көліктің өртенген видеосы әлеументтік желіде жарияланды.


Петропавлда автобус өртеніп кетті

ERNUR.KZ. Петропавлда шағын бағдарлық автобус өртеніп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқыс оқиға Жұмысшылар кентіндегі соңғы аялдамада болған. Қоғамдық көліктің өртенген видеосы әлеументтік желіде жарияланды. Куәгерлердің айтуынша, автобус өртене бастағанда салонда жолаушылар отырған.

Олар сыртқа шығып үлгерген. Өңірлік Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға кезінде ешкім зардап шекпеген. Өрт сөндірушілер тез жеткенімен шағын автобус толық жанып кетті.

Өрт сөндірілді, қазір келтірілген шығын көлемі анықталып жатыр. Жолаушылар тасымалы саласындағы сапа мен автобус паркін жаңарту қалалық және облыстық әкімдікте жиі талқыланады.

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов таяуда ғана Петропавл әкімі Болат Жұмабековке қоғамдық көлік мәселесімен айналысуды тапсырған болатын.